Жиi қойылатын сұрақтар (FAQ)
- Сайттың келбеті өзгергеннен кейін ауа райы мұрағатына қалай жетуге болады?
Керекті елді мекендегі ауа райы болжамы бар бетті ашыңыз. Мысалы, Астана. Болжамдар кестесінің үстінде, бірден "Астана >> картадан көріңіз" тақырыбының астында нақты ауа райы көрсетілген. «>>толығырақ» батырмасын тышқанмен басыңыз да, Сіз Астана нақты ауа рйы мұрағаты бетіне барасыз.
- Болжамдар жиі ме жаңартылады және бұл қалай жүзеге асырылады?
Сайттағы болжамдар тәулікте екі рет жаңартылады: жазғы мәскеулік уақытымен 7:30-дан 8:40-қа дейін және 19:30-дан 20:40-қа дейін. Жаңарту қабаттармен жүзеге асырылады. Болжамдар орталығынан келіп түсетін мағлұматтар WEB-сайтқа жіберіледі және 12 сағат бұрын келген болжамдарды алмастырады. Божамдар бірінші болып алғашқы сағатарға, содан кейін алғашқы тәулікке, екінші тәулікке және т.б. келеді. Алғашқы екі тәулікке болжамдар 8 және 20 сағатқа қарай жаңартылады. 6 тәулікке болжамдар толығымен 8:40 пен 20:40 сағатқа қарай жаңартылады.
- Айтыңызшы, Сіздің сайтыңыздан жауынның қашан болатынын қалай білуге болады? Өйткені миллиметрдегі жауын-шашын тек жауынды көрсетпейді. Бұл жауын екенін түсіну үшін жауын-шашынның милиметрдегі шамасы қандай болу керек?
Сайтта берілген ауа райы параметрлерінден біз ең көп жауын-шашын туралы ақпаратты қай жолмен беретініміз туралы ойландық.Себебі, сайтта ұсынылған территория – жауатын жауын-шашын мөлшері бойынша ӘР ТҮРЛІ. Аздаған жаңбыр, жаңбыр және қатты жаңбыр туралы түсінік аймақтан аймаққа ауысады. Жалпы айтқанда, ресей орта түзуінің тұрғыны үшін барлық жаңбырлар аздаған болатын елді мекендер болады. Басқа жерлерде барлық жаңбырлар қатты болып көрінеді. Ауа температурасымен жағдай да осындай: бір жерде әрқашан суық, екіншіжерде әрқашан жылы немесе ыстық.
Метеорологиялық сөздіктерге, әдістемелік нұсқауларға және анықтамалықтарға қарағанда жауын-шашынның үдемелілігі туралы ұғым түрлі. Сондықтан сайтымыздағы жауын-шашын жөніндегі ақпарат терминдермен емес (жаңбыр, қатты жаңбыр, нөсер және т.б.), жауған жауын-шашын қабатының қалыңдығы (мм-мен) мағынасында беріледі. Сайтта тек жауатын жауын-шашын көрсіледі. Конденсацияланған ылғалдылық есепке алынбайды. Суретте жаңбыр тамшылары ғана көрсетіледі. Егер тек бір тамшы көрсетілсе де, онда жауынның болуы мүмкін. Тамшылар неғұрлым көп болса, жаңбыр соғұрлым қатты болады.
Кейбір адамдар (сайтымыздың командасы соның қатарында) жуын-шашынның үдемелілігін милиметрмен емес, ал литрмен жақсы түсінеді. Қатынас тура болады: 1 мм 1м2-қа 1 л сәйкес келеді. Осыдан 12 мм – бұл үлкен 12 литрлік шелек; 10 мм – бұл 10 литрлік шелек; 0,5 мм – жарты литрлік бөтелке; 0,2 мм – 1 м2-қа бір стақан су. Мүмкін, бұндай анықтама жай шығар, бірақ түсінікті.
Қосымша Параметрлерді қараңыз
|